$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тағдыры сондай шығар, кім біледі?»: Шымкент соты өмірде жоқ адамның ісін қарап жатыр (ВИДЕО)

Марқұм Жомарт Мұрашимов тергеу изоляторында инсульт алып, көз жұмған

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 15 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отырар» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

«Іс бойынша 15 адам жауап беріп жатыр. Оларға заңсыз жүргізуші куәліктерін жасады деген айып тағылған. 500 адамға заңсыз жүргізуші куәлігін берді деген айыпталушылардың 10-ы қамауда, төртеуі үйқамақта, ал бірі іс сотқа өткенде терегу изоляторында комаға түсіп, ауруханада қайтыс болды. Сот тергеуі басталмай тұрып оған қатысушылардың көңілін алаң басқаны байқалды. Судья Самидин Темірәлиев істі қарай бастағанда марқұм Жомарт Мұрашимовтың қорғаушысы талап-тілек түсірді», - деп хабарлайды телеарна тілшісі Диляра Иса.

Дереккөзге сүйенсек, марқұм Жомарт Мұрашимовтың қорғаушысы Болат Елмұрзаев осы адамның қайтыс болуына байланысты оның әзірге не не қоғамдық қорғаушысы, не заңды өкілдері танылмаған дейді. Яғни, процесс ары қарай жылжу үшін алдымен марқұмның ісі бойынша сотқа қатысатын адам керек. Бірақ, судья сот тергеуін бастауға кедергі жоқ деп тауып, іс талқылауын бастады.

«Қазаның арты қайырлы болсын. Тағдыры сондай шығар, кім біледі? Ал енді істі ары қарай жалғастыру, жалғастырмау жөнінде пікір ол кісілер келесі сот отырысына келеді. Сіз өзіңіз барып түсіндіресіз. Айтады, сол бойынша шешім қабылдаймыз», - деген судья Самидин Темірәлиев

Іске қатысушылар соттың бұл шешімімен келісті. Олар сотта Қылмыстық кодекстің «Заңсыз сыйақы алу», «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабымен жауап беріп жатыр. Сот тергеуі әдеттегідей прокурордың айыптау актісін оқуымен басталды.

«Айыптау актісіне сәйкес Мұрашимов Жомарт Раушанбекұлы 28 шілде 1988 жылы туған. Ол 2002-2024 жылдар аралығында Шымкент қаласы аумағында заңсыз жолмен материалдық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік ұйымның мемлекеттік функцияларды орындайтын қызметкер бола тұра қызмет бабын пайдалана отырып, өз міндеттері аясына кіретін жұмысты орындағаны және көрсеткені үшін ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап қатысушылардың нақты рөлдерін белгілеп, жүйелі түрде ірі мөлшерде ақшалар заңсыз сыйақы алып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру мақсатында жылжымайтын және жылжитын мүліктер сатып алып, қылмыстық жолмен алған қаражатты заңдастырған, ауыр санаттағы қылмыстармен келесі мән жайларды жасаған», - дейді айыптауды оқыған прокурор.

Прокурордың сөзінше, Мұрашимов 2020 жылы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы болып тағайындалған. 2022 жылы қылмыстық топ құрған. Ол жол қозғалысы ережелерін білуге арналған тестілеу, теория және практикалық емтихандар өту үшін ақша алып, заңсыз емтихандардан өткізген. Оған серіктері көмектескен. Айыпталушылар бұл қызметі үшін 150 мың теңгеден бастап 400 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Сөйтіп айпталушылардың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Десе де сотталушылардың бірі тағылған айыпты мүлде мойындамайтынын, қалған 13-і ішінара мойындайтынын жеткізді.

«Айта кетейік, айыпталушылар мен олардың адвокаттары өздерін фото-видеоға түсіруге қарсы болды», - деп хабарлайды телеарна.

Серіктес жаңалықтары