$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда баласын далаға түнеткен әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

14 жастағы ұл Бейімдеу орталығына, ал оның 3 жасар қарындасы жетімдер үйіне түскен

Атырауда баласын далаға түнеткен әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Фото t.me/atyrauoill

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Атырау облысында 14 жастағы бала мен оның кішкентай қарындасына қатысты жағдай қоғамды дүр сілкіндірген еді: 14 жастағы жасөспірімнің үйіне кіре алмай, көшеде жүрген сәттері бейнеленген кадрлар тарады. Куәгерлердің айтуынша, оны тамақ пен темекі әкелуге мәжбүрлеген, ал бас тартқан жағдайда үйіне кіргізбеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін Атырау облысының полиция департаменті осы фактіге қатысты комментарий беріп, балаларды далаға түнеткен ата-анасы заңды құқықтарынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарап олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген отбасыдағы 14 және 3 жастағы екі баланың кішісі Сәбилер үйіне, үлкені кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Ата-анасы бала тәрбиесімен айналыспағаны және ата-ана құқығын тиісінше орындамағаны үшін бір жыл бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қазір де іс-құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылады», - деп хабарлайды полиция.

Серіктес жаңалықтары