22.08.2025, 10:53
Оқиғалар
Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне барып, Құран бағыштады (ВИДЕО)
Қазақстан президенті Қырғыз еліне жасаған ресми сапарын «Ата бейіт» кешенінен бастаған
Фото: Ақорда
Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған болатын. Осыдан кейін президентті осы кешеннің атаун қойып кеткен Шыңғыс Айтматовтың да зиратына барып, Құран бағыштаған.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады», - деп хабарлайды Ақорда.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
