17.06.2020, 09:41
Оқиғалар
Аягөзде қатты дауылдан 97 ғимарат бүлінді (ФОТО)
7 адам жарақат алған
16 маусым күні кешкі сағат алты жарым шамасында Аягөзде дауылды желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетіп, ондаған ғимараттың шатырын ұшырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Желдің қатты болғаны сонша, 97 ғимарат бүлініп, 7 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
«2 қабатты 19 үй, 1 қабатты 72 үй, 4 мектеп, 1 балабақша және 1 аурухананың ғимараты бүлінді. Ағаштардың құлауы салдарынан электр сымдары үзіліп, 9138 абонент жарықсыз қалды. Апаттың салдарымен күресу үшін 5 бригада жұмыс істеп жатыр», - делінген аталған хабарламада.


Жарақат алған 7 адамның біреуі ауруханаға жатқызылды, алтауына алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді