17.06.2020, 09:55
Оқиғалар
Үндістан мен Қытай шекарасында атыс болып, 20 адам қаза тапты
Қақтығыс Ладакх провинциясында болған
Фото: ашық дереккөзден
Үндістан мен Қытай шекарасында атыс болып 20 үнді әскері қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті ақпарат көздері Қытай тарапынан да зардап шеккендер бар деген мәлімет таратты. Алайда, аспанасты елінің әскері адам шығыны жоқ дейді. Белгілі болғандай, тараптар арасындағы қақтығыс Ладакх провинциясында болған. Бұл – екі ел арасындағы даулы аймақ. Дели мен Бейжің бір-бірін заңсыз шекарадан өтіп, келісімді бұзды деп айыптап отыр.
Айта кетейік, мұндай шиеленіс аймақта соңғы 45 жылда алғаш рет болып отыр. Бүгінде Үндістан мен Қытайды бақылау сызығы ғана бөліп отыр. Шекарадағы ахуал мамыр айында ушыға түскен. Ол кезде екі елдің жүздеген сарбазы жанжалдасып қалған.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды