$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 16:07
Оқиғалар

Бурабай ауданында жай түсіп, орман өртенді

Қызыл жалынды сөндіруге 30-ға тарта адам жұмылдырылды

Бурабай ауданында жай түсіп, орман өртенді

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының бірінде найзағайдан өрт шығып, орман өртенді. Салдарынан 0,08 гектар алқапта өсіп тұрған ағаштар зардап шеккен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 маусымда сағат 11.01 шамасында өрт сөндіру бөліміне телефон хабарламасы түсті. Өрттен Жасыл ауылынан бес шақырым қашықтықтағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында орналасқан Жалайыр орман шаруашылығының 24 кварталында 0,08 гектар орман алқабы отқа оранды. Щучинск қаласының өрт сөндіруші бөлімінің отряды мен ұлттық парк қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр. Тұтанған орманның айналасын қазылып, өрттің одан әрі жайылып басқа жасыл желекті жалмап кетпеуі барынша бөгет жасалып жатыр. Орман алқабына найзағай түсіп, соның салдарынан бірден тұтанған. Оны орман ішінде ағаштардың біріне найзағайдан түскен күйген сызықтардан байқадық. Өрт күндізгі 11:25-те өшірілді. Адамдар зардап шеккен жоқ. Материалдық шығын келтірілген жоқ», - дейді Бурабай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Бабаев.

Орман алқабындағы өртті сөндіруге «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 12 қызметкері мен үш техника бірлігі, Жалайыр орман шаруашылығының қорықшылары мен Бурабай аудандық өрт сөндіру бөлімінің 15 қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта орман өрті толықтай сөндірілді.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары