$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 15:29
Оқиғалар

Бүгін Денис Теннің туған күні

Қазақ халқының мақтанышы көзі тірі болғанда 27 жасқа толар еді

Бүгін Денис Теннің туған күні
Фото: ашық дерек көздерінен

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірді. Осылайша Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді. 2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болғанына қарамастан, он бірінші орыннан көрінді.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында Денис Тен алтын жүлдені алды.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі. Сөйтіп қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Оқи отырыңыз: Содырлар мен әнші, дәрігерлер мен шенеуніктер: 2019 жылдың атышулы сот істері

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.

Серіктес жаңалықтары