03.06.2025, 15:17
Оқиғалар
Астанадағы жантүршігерлік жол апатынан кейін автобус жүргізушісі қамауға алынды
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: скриншот
Астанада 2 маусым күні кешке жол апатына түскен автобус жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолаушылардың денсаулығына ауыр зақым келтіруге әкеп соққан, маршруттық автобустың жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Астанадағы жол апаты
Оқиға 2 маусым күні кешке болған. Республика көшесінде келе жатқан автобус бағанаға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз екі аяғынан айырылды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды