03.06.2025, 22:15
Оқиғалар
Атырау облысында бір топ адам жерде жатқан еркекті таяқпен аяусыз ұрды (ВИДЕО)
Оқиға Мұқыр ауылында болған
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Атырау облысында ер адамды таяқпен аяусыз ұрып жатқаны жайлы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында болған. Видеодан таяқпен ұстаған бір топ ер адамның жерде жатқан адамды ұрып жатқанын көруге болады. Бұл жеке үйлердің бірінің қоршауының сыртында болған. Қаскөйлер ұрып-соғып болғаннан кейін ол жерден кетіп қалған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі біздің агенттікке оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Бейнежазбаға түсіп қалған құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адам анықталып, полицияға жеткізілді. Күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді ведомство қызметкерлері.
Көп оқылған
30.07.2026, 12:13
Әйелін бауыздап өлтіріп, мәйітін ауладағы дәретханаға тастай салған: Қостанай тұрғыны небәрі 11,5 жылға сотталды
30.07.2026, 13:16
Павлодарда үш ай бұрын жоғалып кеткен ер адам басқа облыстан далалы жерден табылды
30.07.2026, 12:45
«Күйеуім өлім аузынан қалды»: Астана тұрғыны жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шағымданды
30.07.2026, 11:34
TikTok-та тікелей эфирде боқтап, анаша шеккен әйел адам темір торға қамалды (ВИДЕО)