Автобус жолдағы бағанаға соғылған: 8 жастағы қыз өмір бойына мүгедек болып қалды
Баланың екі аяғы кесілген

Аялдамадағы табло бағанасына соғылған автобус ішінде болған 8 жасар қыз бала екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2 маусымның кешінде елордада жол апатына түскен автобус жолаушыларының денсаулық жағдайы белгілі болды.
«2017 жылы туған қыз бала қатты зардап шекті. Оның екі аяғына ампутация жасалды. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр, ал тағы біреуі жабық ми жарақатын және тағы әртүрлі жақараттар алған», - деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.
Оның мәліметінше, апаттан кейін 15 адам ауруханаға жеткізілген, оның ішінде 6-ауы - бала. Үш адамның денсаулық жағдайы ауыр.
Еске салсақ, Астанадағы Республика көшесінде автобус бағанаға соғылған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екенін, оған шұғыл операция жасалып жатқанын хабарлаған болатын.