«Бір адамның жағдайы ауыр»: Астанада автобус бағанаға соғылды
Жарақат алған 10 адам әртүрлі ауруханаға жеткізілді

Астанадағы Республика көшесінде автобус бағанаға соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер бойынша алдын ала ақпарат берді.
«Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам әртүрлі қалалық стационарларға жеткізілді. Алынған жарақаттарға сәйкес, зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
«Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, шұғыл операция жасалып жатыр. Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсетуде», - деп толықтырды басқарма мамандары.
Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Зардап шеккендер бар-жоғын анықтап жатырмыз.