24.04.2025, 11:06
Оқиғалар
«Бес күн бойы шықтан нәр алған»: Каспийдегі шағын аралда жоғалып кеткен орыс ғалымы бес күннен кейін табылды
Ол әбден ашығып, әлсіреген
Фото: скриншот
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ресейдің атақты ғалымы Каспий теңізіндегі шағын аралда із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Құтқарушылар оны бес күннен кейін қамыстардың арасынан тауып алды, деп хабарлайды
«КаспийИнфо» мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізіндегі экспедиция 14 сәуірде басталған. Шағын қайыққа мінген бір топ адам Укатный аралына жеткенде 76 жастағы ғалым басқа әріптестерімен бірге аралға түскен. Бір сәтте фотоаппаратын қолына алып, жан-жағын суретке түсіріп жүрген ол жоғалып кеткен.
Ғалым арада бес күн өткенде аман-есен табылған. Алайда, қария әбден ашығып, әлсіреген. Бес күн бойы ол шықтан нәр алып, айналасында жеуге келетін нәрсені жеп күнелткен екен.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді