Қостанай тұрғыны елде жоқ әдіс арқылы қарыз беріп, халықты қатты қинаған (ВИДЕО)
Оның әрекетін қаржы мониторинг агенттігі тексеріп жатыр

Қостанай қаласының тұрғыны 2020 жылдан бері «OLX» пен «Instagram» желілері арқылы халыққа қарыз бере бастаған. Олардың мүлкін кепілге алып, ақшаны пайызбен қайтаруын талап еткен. Келісімшарт жасасқанда ол осы пайызды екі есеге дейін көтеріп, берген ақшасынан 100%-ға дейін заңсыз табыс алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, осы факт бойынша қазір заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен. Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған», - дейді ҚМА.
Дереккөзге сүйенсек, дәл осы заңсыз әрекет арқылы ол 60,6 млн теңге табыс тапқан екен.
«Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған. Тез ақша керек болған соң, олар пайызы жоғары қарызға кіріп, мүлкін кепілге қойған. Осылайша, тұзаққа түскен», - деп хабарлайды ҚМА.