$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Голливудтың атақты актері Киану Ривз Қостанайдағы зейнеткерден 400 доллар «сұраған»

62 жастағы әйел бұл актердің атын жамылған алаяқтармен 6 ай бойы сөйлесіпті

Голливудтың атақты актері Киану Ривз Қостанайдағы зейнеткерден 400 доллар «сұраған»
Фото: Jason Merritt/Getty Images

Қазақстандағы алаяқтар «әлемдік деңгейге» шығып жатыр: олар енді отандастарымызға әлемге танымал актерлердің атынан хат жазатын болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, Қостанайда тұратын 62 жастағы әйел TikTok желісінде Голливудтың атақты әртісі, бүкіл әлем білетін Киану Ривзбен сөйлесіп жүрмін деп ойлаған. Оған хат жазған алаяқ алты ай бойы өзін аянышты күйде көрсетіп, әйелден көмек сұраған.

«Алаяқ қиын жағдайға тап болған актердің кейпіне еніп, өзіне 400 АҚШ доллар аударуды өтінген. Әйел ақшаны шотқа қалай аудару керегін білмеген соң, банк арқылы жібермек болып бөлімшеге барған. Банк қызметкерлері әйелдің қолындағы шот ойын компаниясінікі екенін көріп, полицияға хабар берген», - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қауіпті трансакцияны тоқтатып, бұл алаяқтардың тағы бір айласы екенін түсіндірген. 

Серіктес жаңалықтары