Бүкіл Ақтөбенің жолдарын таңбасыз қалдырған директор 8 жылға сотталды
Ол жеке кәсіпкерлермен сөз байласып, тендердің ақшасын қалтасына басқан

Ақтөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының бұрынғы директоры жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның берген мәліметіне сүйенсек, бұл орталықтың директоры қаладағы жолдарға таңба мен белгі сызу үшін 272 млн теңгенің тендерін өткізген. Өз ыңғайына келетін жеке кәсіпкерлер тауып, олармен алдын ала сөз байласып, өтірік келісімшарттар жасасқан.
«Алайда іс жүзінде жол таңбаланбаған, ал ұрланған қаражатты ол қолма-қол ақшаға айналдырып, өзі иемденген. Ақтөбе қаласының №2 соты Сот ұсынылған дәлелдемелерді қарап, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, орталық директорын 8 жылға, ал кәсіпкерді 7 жылға соттады. Орталық директоры енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмаса, ал кәсіпкер бизнесте 10 жыл жұмыс істей алмайды», - деп хабарлайды Ақтөбенің прокуратурасы.