$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті Астанада мың оқушының көзінше соттап жіберді (ВИДЕО)

Бас-аяғы 25 мектептің оқушылары сот процессін онлайн көрген

Есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті Астанада мың оқушының көзінше соттап жіберді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астананың 21 жастағы тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталды: прокуратура оның қалай сотталғанын қаладағы мың оқушыға тікелей эфирде көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, бұл «Заң мен тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өткен сот болған. Бастаманы Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолға алған.

«Бастаманың мақсаты - жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу», - деп хабарлаған Астананың прокуратурасы.

Осылайша, бұл сот процессін 25 мектепте оқитын мыңнан астам оқушы онлайн қарап отырған. Сот есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті оқушылардың көзінде 7 жылға соттаған.

Серіктес жаңалықтары