06.04.2025, 02:00
Оқиғалар
Ақмола облысында жолды басып қалған су бір көлікті ағызып әкетті: оның жүргізушісі әлі табылған жоқ (ВИДЕО)
Оқиға кеше, 5 сәуір күні кешке болған
Фото: скриншот
Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты тас жолда жол талғамайтын көлікті су ағызып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны редакцияға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.
Әлеуметтік желіде сұмдық оқиғаның видеосы тарап үлгерген. Ал, төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша бұл жол су тасқынына байланысты жабық болған. жүргізуші ескертуді елемей, су басқан жолға шығып, жүріп өтпекші болған көрінеді.
«Көліктің ішіндегі екі адамды құтқардық. Үшінші адам әлі табылған жоқ», - деп хабарлады ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының бірқатар ауылдарын су басып, кейбір жердегі тас жолдар бұзылған еді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды