$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның көп жерінде күн күркірейді: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қатарынан 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған

Қазақстанның көп жерінде күн күркірейді: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 6 сәуір күні Қазақстанның көп жерінде күн күркіреп, тұман түседі. Кейбір облыстарда жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысының таулы аймақтарында нөсер жауып, найзағай ойнайды. Сол сияқты Шымкент және Түркістан қалаларында да күн күркіреп, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр жауып, арты бұршаққа айналады, күн күркіреп, жел күшейеді.

Ақтөбе облысында күндіз күн күркірейді деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркірейді. Оралда секундына 18 метр жылдамдықта жел соғып, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында тұман түсіп, күн күркірейді. Желдің күші секундына 20 метр жылдамдыққа жетеді.

Қызылорда, Жамбыл және Ақмола облыстарында күндіз күн күркіреп, желдің жылдымдағы күшейеді.

Серіктес жаңалықтары