05.04.2025, 23:24
Оқиғалар
Арқалықтағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, бес бала ауруханаға түсті
Өрт сөндірушілер үйден 14 адамды алып шыққан
Фото: ТЖМ
Қостанай облысы Арқалық қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, алты адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілер үйдің төртінші қабатына тұтанған өртті сөндіріп, екі газ баллонын алып шыққан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты адам, соның ішінде бес бала ауруханаға түскен. Жалпы, құтқарушылар үйдің ішінен 14 адамды аман-есен алып шыққан.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
