Қызылордада есірткі еккендер ұсталды
Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Биыл 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора-2020» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің екі дерегі анықталды. Ол Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жоспарлы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында әшкере болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
48 жастағы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті тұрғынының үйінің ауласына 12 түп сора және 37 жастағы Қызылорда қаласы тұрғыны үйінің ауласына төрт түп сора өсіргендігі анықталды.
Күдіктілерге қатысты «өзін дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы» қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.