$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 09:41
Оқиғалар

Павлодарда коронавирустан көз жұмған әйелдің алғашқы сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссия өлім себебін коронавирус инфекциясынан деп тіркеген

Павлодарда коронавирустан көз жұмған әйелдің алғашқы сараптамасы теріс нәтиже көрсеткен
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында коронавирус инфекциясынан 1935 жылы туған әйел адам дүние салды. Марқұм жылдар бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

2020 жылдың 26 мамырында емделушінің дене қызуы 38*С-ге дейін көтерілген. Тамағының ауырғанына шағымданған. Науқасты өзі қаралатын емхананың мобильді бригадасының дәрігері үйде қараған. Ауру белгілеріне қарай ЖРВИ диагнозы қойылып, ем тағайындалған. Коронавирус жұқпасына алынған сараптама теріс нәтиже көрсеткен.

28 мамырда марқұмның үйіне жедел-жәрдем бригадасы шақырылған. Дәрігерлер науқасты қарағаннан кейін провизорлық госпитальдің пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізген. Сол сәтте әйелдің жағдайы ауыр болған. Жөтелге, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 39,5 С дейін жоғарылауы сынды шағымдары болған.

Науқастың жағдайының ауырлығын және тыныс алу жетіспеушілігін ескере отырып, оны қабылдау бөлмесінде қарқынды терапия палатасына жатқызған. Кейін өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

31 мамыр күні қайтадан коронавирус жұқпасына сараптама алынған. Талдау оң нәтиже көрсеткен. Ертеңінде сағат 15:50-де реаниматолог маманның қатысуымен  реанимобиль көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған.

Дәрігерлер оның инфекциялық стационарға түскен кезде жағдайы өте ауыр болғанын атап өтті. Науқас реанимациялық бөлімшеге жатқызылған.

«Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандарға кеңес берілді. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 01 маусымында 17 сағат 05 минутта пациенттің биологиялық өлімі анықталды. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, өлім себебі коронавирус инфекциясынан болғандығы тіркелген.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары