1 маусымда 105 армениялық көлік тіркелді
Ең белсенді болған Атырау тұрғындары
1 маусымда 105 армениялық көлік тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Азаматтарға қолайлы болсын деп полицейлер арнайы ХҚКО-да түсіндірме жүргізіп жатыр. «Көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті қайдан алуға болады?» деген сұрақ жиі қойылады. Полицейлердің айтуынша, бұл құжатты Сауда және интеграция министрлігінің аккредитациясынан өткен зертханалар береді.
Еске салайық, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан жеткізіліп ел азаматтарына тіркелген сол рөлді автокөліктерге төрт саны бар сары нөмір беріледі. Көлікті уақытша тіркеуге қою үшін иелеріне үш төлем жасау қажет: тіркеу алымы — 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж салығы — 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін баж салығы — 7 778 теңге. Яғни, барлығына 11 946 теңге жұмсалады.