$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 6 жігіт мүгедек адамды ұзақ жылдар бойы зорлаған - ауыл ақсақалдары оларды жақтап отыр

Мүгедек жігіттің анасы ғана бар 

Түркістан облысында 6 жігіт мүгедек адамды ұзақ жылдар бойы зорлаған - ауыл ақсақалдары оларды жақтап отыр
Фото: iStock

Келесте 6 ер адам 24 жастағы кемтар жігітті жылдар бойы зорлап келген. Жігіттің анасы бұл туралы өткен ақпан айында ғана баласының аузынан естиді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оtyrar-ға сілтеме жасап.

«Балам мұны ақпанда айтты. Мен үйден шығып кеткенде, қаскөйдің бірі келген. Ол қолына сабын алып, ұлымды диванға жатқызып зорлаған. Баламнан егжей-тегжейлі сұрай бастағанымда, ол бірнеше жыл бойы осылай қорланып келе жатқанын мойындады», - дейді анасы.

Әйелдің айтуынша, жігіт кемтарлығының кесірінен болып жатқан сұмдықты түсіне алмаған және анасына айтып беруге қорыққан.

Ұлының азапталып жүргенін естігеннен кейін шарасыз ана шарқ ұрып әділдік іздейді. Полицияға барып, арыз жазады. Бірақ ауыл ақсақалдары зорлықшылардың жағына шығып, әйелдің өзін қорқытып, «ауылдан көшіріп жібереміз» деп қысым жасап отыр екен.

Отбасының адвокаты Гүлайхан Тұрманованың сөзінше, ауыл ақсақалдары мен молда зорлықшыларға жиналыс жасаған. Олар бәрін мойындаған, бірақ қазір жауапкершіліктен қашуға тырысып отыр.

«Олар әуелі билер мен молданың алдынан өткен. Іс-әрекеттерін толық мойындаған. Алайда арада көп жылдар өткенін және жәбірленушінің кемтарлығын пайдаланып жазадан құтылып кеткісі келіп отыр», - деді адвокат.

Қазіргі күні полиция қылмыстық іс қозғаған.

«Бұл факт тіркеліп, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Іздестіру шаралары барысында алты тұрғыннан жауап алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Түркістан облысы полициясының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан 6 күдікті бостандықта тайраңдап жүр. Кемтар жігіттің анасы зорлықшылар жазасын алмай кете ме деп қорқады.

Серіктес жаңалықтары