06.03.2025, 16:25
Оқиғалар
Қарағанды балабақшасындағы екі есепшінің 15 жылғы қылмысы енді жария болды (ВИДЕО)
Бұл оқиға қазір ғана белгілі болып жатыр
Фото: скриншот
Қарағанды облысының білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының прокурорлары қаладағы №33 балабақшаны тексере келе, есепшілердің 15 жылға созылған заңсыздығын анықтапты.
«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», - деп хабарлайды прокуратура.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
