06.03.2025, 14:33
Оқиғалар
Астана-Петропавл тас жолында бірнеше көлік соғылып, бір адам жараланған (ВИДЕО)
Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр
Фото: скриншот
Астана-Петропавл бағытындағы тас жолдың 447 шақырымында үш көлік бір-біріне соғылып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат салдарынан «Киа», «Фольксваген» және «Лексус» маркалы үш көлік соғылған. Бір адам аудандық ауруханаға түскен.
«Оқиға бүгін 6 наурыз күні болды. Осы апатқа байланысты тергеу басталды, соның қорытындысы бойынша кінәлі адам анықталады», - деп хабарлаған Ақмола облысының полиция департаменті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
