$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәмпиттің не атауы, не жарамдылық мерзімі жоқ - оқушылар уланған қытай тәттісі сатылымнан жойылды

1,5 мыңнан астам дүкен тесерілген 

Кәмпиттің не атауы, не жарамдылық мерзімі жоқ - оқушылар уланған қытай тәттісі сатылымнан жойылды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары уланып қалған қытай тәттілері дүкен сөрелерінен алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қобдада балалар шетелден келген кәмпитті жеп, жаппай ауруханаға түскеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дүкендерге тексеріс жүргізген.

«Мониторинг 1,5 мыңнан астам дүкенді қамтыды, Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снекте) 14 үлгісі алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталды: натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану Техрегламенттердің талаптарында белгіленбеген», - деп жазды комитет.

Сондай-ақ тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация жоқ.

Айта кетсек, өткен айда Қобда ауданында 23 оқушы Қытайдың лобстер тәттісін жеп, уланып қалған.

Серіктес жаңалықтары