03.03.2025, 17:45
Оқиғалар
Көкшетаудың қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
Апат салдарынан жолда кетіп бара жатқан жаяу әйел жарақат алған
Фото: скриншот
Бүгін, 3 наурыз күні Көкшетау қаласының қақ ортасында Mercedes және «ВАЗ-2107» маркалы екі көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың арасында жаяу кетіп бара жатқан бір адам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көліктер Әуелбеков-Тәшенов көшелерінің қиылысында соқтығысқан. Жедел жәрдем бір көліктегі екі әйелді, көше бойында жаяу кетіп бара жатқан тағы бір әйелді ауруханаға апарған.
«Сондай-ақ, 2015 жылы туған он жасар қыз бала да ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Осы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
