04.03.2025, 11:27
Оқиғалар
Жамбыл облысында ер адам құжаттары өртеніп кеткеннен кейін 25 жыл бойы жеке куәлік жасатпаған
Оның жасы 74-ке келген
Фото: istockphoto.com
74 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғыны жеке бас құжатын алу үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өтініш беруші М. соттан 1951 жылы 25 тамызда Қырғыз Республикасының Шу облысы ауылында дүниеге келгенін және 1993 жылы туған ұлы мен 1996 жылы туған қызының әкесі екенін және 1985 жылдан бастап Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында тұрғанын растауды сұраған.
Сот 2000 жылы өтініш берушінің үйінде өрт болып, оның құжаттары жанып кеткенін анықтады.
Қырғыз Республикасы Консулдығының анықтамасына сәйкес, өтініш беруші 1951 жылы 25 тамызда дүниеге келген, бұл 1974 жылғы үлгідегі паспортпен расталған және қазіргі уақытта М. Қырғыз Республикасының азаматы емес.
Сот іс материалдарын зерттей келе М-ның арызын қанағаттандырды.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)