$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қобдада 4-сынып оқушысы сатып алған Қытайдың лобстер тәттісінен мектептегі балалар жаппай уланған (ВИДЕО)

Бұны Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мәлім етті

Қобдада 4-сынып оқушысы сатып алған Қытайдың лобстер тәттісінен мектептегі балалар жаппай уланған (ВИДЕО)
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысындағы Қобда ауданында 23 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова балалар дүкеннен сатып алған қытай кәмпитінен уланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балалар 2025 жылдың 18 ақпанында уланған. Мән-жайды айтқан Райхан Қойшанова кәмтитті 4-сынып оқушысы сатып алып, мектепке әкелгенін, одан кәмпит сұрап жеген балалардың бәрі уланған дейді.  

«18 ақпан күні сағат 17.28 –де төтенше жағдайлар департаменті Қобда ауданында балалар уланғанын хабарлады. Біздің департаменттің үш маманы оқиға орнына аттанды.  Анықталғаны, 4-сынып оқушысы Қорбда ауданында орналасқан дүкеннен қытай елінде шыққан «Лобстер» тәттісін алып, мектепке келгенде, басқа балаларға бөліп берген. Балалар мектеп асханасынан тамақтанбаған, яғни, уланудың мектеп асханасына байланысы жоқ. Қобда ауданында орналасқан дүкенге жоспардан тыс  тексеру өткізді. Тексеру барысында анықталғаны, өнімнің растайтын құжаттары болған жоқ және сәйкестендіру таңбалары жоқ болды. Орын алған ждағдай бойынша департамент тарапынан 2025 жылға арналған өнімдерді бақылау үшін мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 45 дүкен тексеріліп, екі өнім табылып, зерттеуге тапсырдық», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары