ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

«Instagram-ға жазған менің келінім емес»: қайтыс болған полицейдің әкесі

Алматыда қаза болған полиция қызметкерінің бірі Дастан Әбдіқановтың денесі жер қойнына тапсырылды

Қоштасу рәсімі Алматы қаласы Алатау ауданы Мәдениет шағын ауданынадағы өз үйінде өтті. Марқұмның жамбасы жерге тиген соң, әкесі Марат Әбдіқанов Azattyq Rýhy тілшісіне полиция қызметкері Азат Азаматов туралы пікір білдірді.

Оқи отырыңыз: Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Айта кетейік, кеше кейбір пабликтер мен ақпарат құралдарына қайтыс болған Дастан Әбдіқановтың жұбайы сұхбат беріп, көлік апатын жасаған азаматтың өз күйеуімен бірге жұмыс істегенін айтқаны туралы жазылған еді.

Динара Әбдіқанова Instagram парақшасында «BMW жүргізушісі қазір де құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейді. Ол бұрын жұмыстан шығып кеткен деген ақпарат шындыққа жатпайды» деп жазба қалдырған.  

Ал кейін ZTB паблигіне берген сұқбатында марқұмның жұбайы «көлік апатына күдікті адам менің күйеуіммен бірге бір ауысымда қызмет атқарды. Мен оларға ас әзірлеп берген кездерім болған. Мен оның әріптестерін жақсы танимын. Шындықты айтыңыздар», - деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Блок-бекеттегі апаттан кейін журналистерге жалған ақпарат берген алматылық полицейлер жазаланды

Алайда, полиция инспекторының әкесі бұл ақпараттарды келіні жазбағанын айтады. Ақпарат құралдарында тараған мәліметтерді естігенін, бірақ отбасы мүшелерінің сұхбат беруге мүмкіндіктері болмағанын жеткізді.

«Бұларды жазған менің келінім емес. Ол жазбаларды менің келінімнің атын пайдаланып басқа біреулер жазған. Ондай әңгімеге ермеңдер. Менің келінім ондай айтатын жағдайда емес еді. Шок алып, өлім туралы естіген кезде талып қалып, содан бері есін жия алмай отырды. Дастанның денесін әкелгенде ғана өз-өзіне келді. Баламның (Дастан Әбдіқанов - авт.) Азатпен істегенінен хабарым жоқ. Білетінім, ол бір ғана баламен істеп жүрді. Оның есімі Жандос болатын. Қазір ол басқа біреумен напарник болып кетті. Бір күні біреумен, екінші күні басқа біреумен шығады. Осы өлген кезінде жанындағы қызметтесімен (Жарас Жанғазиев - авт.) түскен екен. Екеуі өліп отыр. Оған адал бол деп үйреттім. Жаны жаннатта болсын, адал жүрді, органда істейді екенмін деп жан-жағына «пысықай» көріну деген болмады. Біздің біреуге сұхбат беруге, смартфонды ашуға жағдайымыз болған жоқ. Біздің атымыздан айтылған әңгімелерге сенбеңіздер»,- деді  Марат Әбдіқанов.

Оқи отырыңыз: Тоқаев блок-бекетте көз жұмған екі полицейді «Айбын» орденімен марапаттады

Ал күдікті Азат Азаматовтың әкесі Талғат Азаматов тілшілерге пікір білдіруден бас тартты. Ірі көлік апатына себепкер болған бұрынғы полиция қызметкерінің Алатау ауданы «Шаңырақ-1» ықшамауданында ата-анасымен бірге тұрғаны белгілі болды.  

Фото: А. Азаматов тұрған үй

Өзін Азаматовтар отбасының көршісімен деп таныстырған адам 1999 жылдан бері Қаратау көшесінде тұратынын айтады. Азат Алматы облысы Сарқан ауданынан көшіп келген отбасының жалғыз баласы көрінеді.

«Баланың жүріс-тұрысы жақсы еді. Не болғанын білмеймін. Кішкентайынан көз алдымызда ойнап өсті. Осы Шаңырақтың мектебінде оқыды. Содан соң теңіз флотында әскери борышын өтеп келді, қол жекпе-жегімен айналысты. Бірақ полиция машинасын айдап жүргенін де, форма киіп жүргені туралы да ештеңе айта алмаймын. Тыныштық керек. Ол туралы құзырлы орандардан сұраңыздар», - деді атын атамауды сұраған көршісі.

Фото: А. Азаматовтың көршісі

Айта кетейік, көлік апаты 25 мамыр күні таңертең Алматы іргесінде болған еді. Оқиға орнында Жарас Жанғазиев қайтыс болды. Ал, оның қызметтегі серігі Дастан Әбдіқанов екі сағат өткенде ауруханада көз жұмды. Жарас Жанғазиевтің артында кәмелет жасына толмаған екі қызы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Ал аға сержант Дастан Әбдіқановтың жары мен бір айлық сәбиі болған. Одан бөлек, тағы бір полиция қызметкері ауруханада жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады