$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 10:31
Оқиғалар

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 58 адамның халі ауыр

355 бала ауруханада жатыр 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін шұғыл брифинг өткізіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты.

«9300-ден астам науқас тіркелді. Олардың арасында 355 бала бар. Ауырғандардың 85%-ының  жағдайы жақсы. Көбі симптомсыз тіркелген. 543 адам орташа жағдайда. 58 адамның халі ауыр. 19 науқас жасанды вентиляцияда», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы екі аптада күнделікті өсім деңгейі 5 пайыз көлемінде болған.

«Соған қарамастан, кей өңірлерде өсім жылдам болып жатыр. Ол - Қарағанды , Атырау, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстанда, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы. Осы өңірлердегі өсім үлкен кәсіпорындардағы науқастар үлесі арқылы болып отыр. Мысалы, Теңіз кен орнында 1063, Қарағанды облысында 358, Шымкенттегі «Петро Казахстан» ұйымында 2019 науқас бар. Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларындағы құрылыс алаңдарында 80-нен астам адам инфекция жұқтырған. Сонымен бірге, Алматы мен Жамбылдағы әскери ұйымдарда науқастар тіркелді», - деп айтты Е.Біртанов.

Бұған кәсіпорындар жұмыстарының қайта жандануы себеп болған. Жалпы, Қазақстандағы науқастардың 70%-ы симптомсыз тіркелген. Осы күнге дейін 711 000 адамнан тест алыныпты. 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары