20.01.2025, 09:50
Оқиғалар
Израиль мен ХАМАС тұтқын алмасып жатыр
Қазіргі уақытта 90 палестиналық үйіне оралды
Фото: BBC
Газадағы Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы соғысты тоқтату туралы келісім күшіне енген соң, екі жақ тұтқын алмасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
BBC-дің хабарлауынша, Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатты, ал ХАМАС Газадағы 3 израильдікке бостандық берді. ХАМАС әр израильдік тұтқын босаған сайын 30 палестиналық түрмеден шығуы керек екенін мәлімдеген.
Дүйсенбіде әуелі балалар мен әйелдер босап шықты. Олардың арасында белгілі палестиналық саясаткер Халида Жарар да бар.
БҰҰ деректері бойынша, Газа секторына 630 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жетті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді