20.01.2025, 11:07
Оқиғалар
Атырауда көлік тізгіндеген жасөспірім жол апатына түсіп, жолаушы бала қаза тапты
Тағы екі адам ауруханаға түскен
Фото: istockphoto.com
Атырау қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жасөспірім жолаушы көз жұмды. Апатқа түскен көліктің бірін кәмелетке толмаған бала жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 19 қаңтар түнгі сағат 23:30 шамасында қала аумағындағы Атырау-Дамба тасжолында болған.
«2007 жылғы жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылғы жігіт жүргізген Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2170 көлігінде отырған 2009 жылғы жасөспірім жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді Атырау облысының полиция департаменті.
Осы фактіге байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді