$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрынғы күзетші, қазіргі емші Кейқуат Оспановтың тағы бір баладан «жын шығарған» қорқынышты видеосы тарады

Бұл жағдайды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолға алды

Бұрынғы күзетші, қазіргі емші Кейқуат Оспановтың тағы бір баладан «жын шығарған» қорқынышты видеосы тарады
Фото: скриншот

Кейқуат Оспановтың тағы бір «жын қуып» жатқан видеосы жария болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеода емші баланың тамағынан қысып, «жынмен сөйлесіп» отыр. Төсекте ағыл-тегіл жылап жатқан баланың дауысы қырылдап, әрең шығады. Баланың 12 жаста екені жазылған. 

Емшінің бұған дейін 5 жастағы қыз баланың да ішіне кірген «шайтанды шығарамын» деп азаптаған видеосы желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған. Оған бүлдіршін қызын емдетуге анасы Алматы облысынан келген. Емші Баланың қолын байлап, тамағынан қысып, өзінің білетін емін жасаған. Azattyq Rýhy тілшісі Кейқуат Оспановтың өзімен сөйлесіп, оның емдік шара жүргізуге рұқсаты бар-жоғын анықтамақ болды. Емші «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығы мекемесінен лицензия алғанын айтты және өзінің бұрын кезекші молда болып Атырау облысының мешіттерінде қызмет еткенін мәлімдеді. Алайда оның емші деген сертификатының ғана бары және мешітте имам емес, күзетші болып болып жұмыс істегені анықталды. Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі қазір қыз баланың жағдайы бірқалыпты деп хабарлады.

Серіктес жаңалықтары