$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жын шығаратын» емші Кейқуат Оспанов қинаған қыз небәрі 5 жаста болып шықты

Бұған дейін баланың жасы 9-да деп айтылған еді

«Жын шығаратын» емші Кейқуат Оспанов қинаған қыз небәрі 5 жаста болып шықты
Фото: скриншот

Қыздың анасы емшіні қорғап, видеоүндеу жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел қызының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтып, емшіге алғысын жаудырып отыр.

«Қызымның жасы бесте. Кейқуат ағаға өзім алып бардым. Ол кісіні Instagram-нан көріп қалдым. Өзім расымен де халық емшісін іздеген едім. Қызым кішкентай болғанымен, өзіне жараспас қылықтары болған соң, уайымдап, қызымды апарып жақсылап қаратып жіберейін деп өз еркіммен алып бардым. Ол кісі ешқандай зорлық-зомбылық көрсетпей, көз алдымда әдемілеп сүре оқып, қарап берді. Қызым өте жақсы», - дейді қыздың анасы.

Әйелдің айтуынша, ішідегі «жынын шығаруға» келген клиенттің саны 200-ден асады.

«Өте көп адам кезекте тұрды. Ішінен жын шығарған қаншама адамды көрдім», - дейді әйел.

Естеріңізге сала кетсек, Кейқуат Оспанов Алматы облысындағы Шалқар ауылынан келген әйелдің кішкентай қызының ішінен «шайтан шығармақ болып» қинаған. Баланың қолын байлап, тамағынан қысып, өзінің білетін емін жасаған. Azattyq Rýhy тілшісі Кейқуат Оспановтың өзімен сөйлесіп, оның емдік шара жүргізуге рұқсаты бар-жоғын анықтамақ болды. Емші «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығы мекемесінен лицензия алғанын айтты және өзінің бұрын кезекші молда болып Атырау облысының мешіттерінде қызмет еткенін мәлімдеді. Алайда оның емші деген сертификатының ғана бары және мешітте имам емес, күзетші болып болып жұмыс істегені анықталды. Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі қазір қыз баланың жағдайы бірқалыпты деп хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #емші