10.01.2025, 11:55
Оқиғалар
«Анама тіл тигізді»: жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірген (ВИДЕО)
Сотта ер адам қатты жылаған
Фото: скриншот
Ташкент қаласының қақ ортасында 31 жастағы ер адам әйелін балғамен аяусыз ұрып өлтірген. Елдің Жоғарғы соты іске қатысты тың ақпарат жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өзбекстан Жоғарғы сотының ресми өкілі Әзиз Әбідов телеграмдағы ресми парақшасында «Миллар» телеарнасының сюжетін таратқан.
«Жеті баламыз бар, жағдайымыз жақсы еді. Алайда, әйелім менімен ұрсыса беретін. Менің анама тіл тигізгенде өз-өзімді ұстай алмай, оны басынан балғамен ұрып жібердім», - деген сотталушының өзі.
Сот ер адамды он жылға бас бостандығынан айырған.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген