Үй ішіне тыныштық бермеген азамат жатын бөлмесіне 168 бума есірткі тығып қойған (ВИДЕО)
Астананың полициясы оны тез арада қолға түсірген
Астана қаласы Сарыарқа ауданының полициясы қаладағы тұрғын үйлердің бірінен 168 бума есірткі тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, оны тыққан азамат – отбасына тыныштық бермейтін абьюзер болып шықты. Сондықтан әуел баста полиция бұл пәтерге тұрмыстық жанжалға қатысты шақырту түскен соң барған екен.
«Оң жағалаудағы пәтерлердің бірінде жанжал болып жатқаны туралы шақырту түсті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сол үйге тез жеткен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тұрғын үйдің алдында жанжал шығарып жатқан 39 жастағы ер адамды ұстаған. Полиция алдымен оның қалтасынан 2 байлам ан ұнтақ тапқан», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Күдікті зат табылған соң патрульдік полиция Сарыарқа ауданы полиция департаментінің жедел-тергеу тобын шақырған. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде жататын бөлмесінен 168 бума есірткі табылған.