24.12.2024, 12:50
Оқиғалар
Түркияда жарылыс болып, 12 адам қаза тапты
Үш адам жараланған
Фото: скриншот
Түркиядағы зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy oxu.az-ға сілтеме жасап.
Түркияның батысындағы Балыкесир қаласында жарылғыш заттар дайындайтынтын зауытта апат болды. Бұл туралы жергілікті губернатор Ысмайыл Ұстаоғлы хабарлаған.
«Кареси уезінде жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Ақпарат нақтыланып жатыр», - деді ол.
Ақпарат құралдары 12 адамның көз жұмып, 3 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
