$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелге жалған жолдама сатқан туристік фирманың басшысы 4,5 жылға сотталды

Ол 21 адамды алдап соққан 

Шетелге жалған жолдама сатқан туристік фирманың басшысы 4,5 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Туристік фирманың басшысы 21 адамды алдап, олардың миллиондаған теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды тұрғыны туристік фирма құрып, 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін шетелге жолдама алып беретінін айтып, 21 клиентті алдап, олардың 24 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған.

«2023 жылдың 4-10 тамызы аралығында отбасымен Түркияға демалуға ұшуға шешім қабылдаған Астана тұрғыны ЖШС таңдап, шотына 5 адамға жолдамаға 2,5 млн теңге төлеген. Алайда, сол қалпы ұшақтың да, қонақүйдің де билеттері тіркелмегенін және брондалмағанын білген ол бірден Қарағандыға барған. Ол жерде ЖШС директоры мәселелерін айтып, ақшаны қайтаруға уәде берген. Бірақ тек 380 мың теңгесін ғана қайтарған», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан, 3 жылға туристік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Туризм #ақша