07.12.2024, 20:35
Оқиғалар
Мақат станциясында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Зардап шеккендер жоқ
Фото: КТЖ
Бүгін, яғни 7 желтоқсан 2024 жылы сағат 13:50-де Атырау облысы Мақат станциясында төрт жеке меншік жүк вагонының рельстен шығу оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, оқиға орнында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, пойыз қозғалысы толық қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда. Компания жағдайдың бақылауда екенін және жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданғанын хабарлады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді