Түнгі клубта жас қызды кеудесінен ұстаған елші полициядан қашып жүр
Араб дипломаты өз еліне қашып кеткен

Сауд-Арабиясының бұрынғы елшісінің бірі Токиодағы түнгі клубта жас қыздың кеудесінен ұстап алған. Қазір оның ісі прокуратураға берілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Japantoday-ге сілтеме бере отырып.
Дереккөздің хабарлауынша, Сауд-Арабиясының елшілігінде жұмыс істеген 30 жастағы ер адам Роппонги түнгі клубында жүріп, 20 жастағы бейтаныс қыздың омырауына қол жүгірткен. Оқиға 15 шілдеде таңғы сағат 2.50 шамасында болған. Әйел полиция шақырған. Қоғамдық тәртіпті бұзған елші келген офицерлерге тек әйелдің қолын ұстағанын айтқан. Тергеуге баруға келіскен ол кейін дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес иммунитетін пайдаланып еліне кетіп қалған.
Жапон полициясы СІМ арқылы араб елшісін екі рет шақыртып, жауап ала алмағанын хабарлады.