08.12.2024, 08:38
Оқиғалар
Оралда құтқарушылар люкке құлаған ер адамды аман алып шықты
Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды
Фото: ТЖМ
Орал қаласында Ординская көшесінде орналасқан үй маңында 1989 жылы туған ер адам абайсызда үш метр тереңдіктегі люкке құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақын маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар оның көмекке шақырған дауысын естіп, дереу 112 қызметіне хабарласқан.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламда.
Құтқарушылардың жылдам әрекеті адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады