$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 17:36
Оқиғалар

Ақмола облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Ол Қостанайда болған

Ақмола облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Ақмолалық полицейлер 4 ай бұрын із-түзсіз жоғалған 25 жастағы жігітті іздеп тапты, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Степногорск қаласының тұрғыны қаңтар айында үйінен жұмысқа шығып, қайта оралмаған. Полицияға оның 69 жастағы әжесі хабарласып, немересінің бірнеше күннен бері із-түзсіз кеткенін, телефон қоңырауларына жауап бермей жатқанын айтып шағымданған.

Жас жігітті іздеуге шыққан жедел іздестіру тобы оны тек 4 айдан кейін ғана таба алды. Тәртіп сақшылары алдымен көрші-қолаң мен туған туыстардан сұрау алып, облыс аумағын түгел шолып шыққан. Алайда, жоғалған жігіт Қостанай қаласынан табылды.

«Белгілі болғандай, Степногорск қаласының 25 жастағы тұрғыны Қостанай қаласына барып, жұмысқа орналасқан. Кейін карантин режимі енгізілгеннен кейін ол үйіне келе алмай қалған», - деп мәлімдеді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үйіне аман-есен оралған жігіт туған-туыстарына не үшін хабарласпағанын айтқан жоқ.

Серіктес жаңалықтары