$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 11:14
Оқиғалар

Көпшілік Талдықорған қаласында Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді

Көпшілік Талдықорған қаласында Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

49 жасына қараған шағында ауыр дерттен көз жұмған белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті ақтық сапарға сығарып салуға жан-жақтан келген әріптестері Талдықорған қаласына жиналды. Журналиспен ресми қоштасу «Жетісу» телеарнасының жаңа ғимаратында өтті.

Қаралы митингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның туыстарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын жеткізіп, оны марқұмның әкесіне табыстады. Қаралы қазаға Үкімет басшысы мен Парламент спикерлері де көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Өмірін отандық телевизияның дамуына арнаған Бейсен Құранбек соңғы жылдары өзі басқарған «Жетісу» телеарнасының жаңа ғимаратын тұрғызуға себепкер болған.

«Бейсен Құранбек менің талантты шәкіртім еді. Ұздаздан шәкірт озды деген осы. Журналистерді мен екіге бөлемін. Бірі - өз жағдайын жасау үшін сол журналистиканы желеулетіп жүретіндер. Ал, екінші топқа жататын журналистер бар күшін халыққа арнап, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін осы салаға келеді. Бейсен Құранбек өз өмірін еліне арнаған, халқының мұңына мұңайған, қайғысына қамыққан, жылағанды жұбатқан азамат. Ол оны «Қаракет», «Айтуға оңай» сынды екі  бағдарламасы арқылы көрсетіп, дәлелдеді. Бейсен арамыздан кеткенмен, енді бейсентану, оның талантын, өмірін зерттеу басталады. Ол туралы әлі көп айтылады», - деді қаралы жиында сөз сөйлеген ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы.

Бейсен Абайұлы 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары