$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2020, 04:37
Оқиғалар

Өгей әкесін өлтіріп сотталған оқушы абақтыда асылып қалды

Уақытша тергеу абақтысында жатқан Ирина Лапина камера ішінде асылып қалған

Өгей әкесін өлтіріп сотталған оқушы абақтыда асылып қалды

Оралда өгей әкесін өлтіргені үшін 9 жылға сотталған мектеп оқушысы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

17 жастағы марқұмның денесін абақты күзетшілері 8-мамыр күні тауып алыпты. Бірден жедел-жәрдем, тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері шақырылған. Олар марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері байқалмайды дейді. Алайда Иринамен бірге отырған өзге сотталушылар оның соңғы уақытта қатты күйзелісте болғанын айтыпты. Тіпті өлер күні серуендеуге де шықпаған. Ал барлық камераластары таза ауамен демалуға кеткенде, терезенің темір торына асылып қалыпты. Ирина Лапина анасына күн көрсетпеген өгей әкесін өлтіргені үшін қаңтарда 9 жылға сотталған болатын.

«Соңғы уақытта ол қатты күйзелісте болды. Психологиялық оңалту сеансына бармаған. Сурет салуға да, біреумен тілдесуге де зауқы болмапты. 5-мамыр күні ұнжырғасы түсіп жүрген, ал 8-мамыр күні өзіне қол жұмсады»,- дейді Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының БҚО филиалының жетекшісі Павел Кочетков.

Серіктес жаңалықтары