$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қорғаныс министрі Жақсылықовтың үстелді ұрып, генералдарға айқай салған видеосы тарады

Жиынның видеосы желіде жүр

Қорғаныс министрі Жақсылықовтың үстелді ұрып, генералдарға айқай салған видеосы тарады
Фото: скриншот

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов сарбаздардың өлімі көбейгенін айтып, үстелді ұрып, генералдарды сөкті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз кімге айналып барамыз? Қоғам бізден нені талап етіп отыр? Ол - ең біріншіден, жас жігіттердің амандығы», - деді министр ашуға мініп.

Үстелді алақанымен дүрс еткізіп, жиынға жиналғандарға ұрысқан Жақсылықов «командирлер қоластындағыларға қамқор болып, сарбаздарды үйлерінен тірі қайтаруға міндетті» деді.

Ол Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа ескерту жасап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақовты лауазымынан алу туралы өтініш беретінін айтты.

Еске салайық, бүгін Қорғаныс министрлігіне қарайтын Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен офицер көз жұмды.

Елімізде 2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен.

Серіктес жаңалықтары