20.09.2024, 12:30
Оқиғалар
Тоғыз айда 6 адам газ баллоны жарылысынан көз жұмған
36 адам ауруханаға түскен
Фото: ТЖМ
Жыл басынан бері елімізде 17 рет газ баллоны жарылысы болып, одан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар өрт орындарынан 961 газ баллонын шығарса, оның ішінде 50 литрлік 194 баллон болған. Былтыр баллондардың жарылысы, газ-ауа қоспасынан болатын жарылыстар 128 рет тіркеліп, 21 адам қаза тапты, 167 адам жарақат алған.
ТЖМ халықты газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң ұстануға, сақтық шараларына шақырды:
- баллондарды тек мамандандырылған пункттерде толтырыңыз. Автожанармай құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынады;
- екі қабаттан асатын көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
- баллон корпусының қызуына жол бермеңіз;
- үй-жайда газдың иісі шықса, газ беру кранын жауып, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу керек, ашық отты пайдаланбау керек және электр қуатын қоспау қажет;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз;
- газдың шығуын тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданыңыз.
- Газ жабдықтарын уақтылы тексеру және жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр