$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.05.2020, 00:18
Оқиғалар

Шардара су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр – министрлік

Ресми мәлімдеме

Шардара су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр – министрлік

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы апаттық жағдайда тұр деген сыңайда таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды! Бұл нысан штаттық режімде жұмы істеп тұр, деп хабарлайды Экологиягеология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Эксплуатация қызметі нысанға тұрақты бақылау жасап отыр. Сонымен бірге, өткен жылы басталып, қазіргі уақытта да жүргізіліп жатқан бөгетті қайта құру мен жер сілкінісіне төзімділігін арттыру жобасын іске асыру жұмыстары 2021 жылы аяқталады»,- делінген хабарламада.

Министрлік  көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату еліміздегі қылмыстық жаза қолданылатын əрекет екенін еске салады. Сондай ақ, Көксарай қайтареттегіші туралы да ақпаратмен бөліскен.

«Көксарай қайтареттегіші 2011 жылы Шардара су қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзеннің төменгі ағысындағы жағдайды қалыптандыру үшін салынған болатын. Оның негізгі міндеті 3-4 айдағы қыстағы судың шамадан жоғары шығынын кейіннен Қызылорда облысының қажетіне жəне өзеннің төменгі ағысының су экожүйесіне беру арқылы жинақтау», -деп мәлімдеді құзырлы мекеме.

Министрлік Көксарай қайтареттегіші де эксплуатация қызметінің ұдайы бақылауында екенін мәлімдеді. Сондай ақ, қазір республика меншігіндегі барлық гидротехникалық құрылыстарды тексеру жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары