07.05.2020, 04:46
Оқиғалар
Алматы облысында тағы 13 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды
COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті
Бүгін Алматы облысында коронавирустың 13 жағдайы тіркелді. Олардың 7-еуі – Кеген ауданының, 5-еуі – Іле ауданының, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Олар Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандық орталық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды.
Індет ошақтары дезинфекцияланды.
Науқастармен байланыста болған 12 адам да медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.
Жалпы Алматы облысында бүгінгі күні COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны 176-ке жетті, жазылғандар – 40.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды