$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2024, 17:55
Оқиғалар

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Нұрболат Дәкебаев сотталды

Сот үкімімен, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Нұрболат Дәкебаев сотталды
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Нұрболат Дәкебаев 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

27 қаңтарда әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып жатқан видеосы тарады. Қызуы көтеріліп ауырып жатқан 1 жасар балаға келіп тұрған жедел жәрдем көлігі жүргізушісін Нұрболат Дәкебаев «жол бермедің» деп ұрып тастаған.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеу жарияланған болатын. Артынан Дәкебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұрболат Дәкебаев жүргізушіге 2 млн теңге көлемінде моральдық шығын және жәбірленушінің емделуіне кеткен қаржыны өтеуге міндетті (12 мың теңге). Сонымен қатар өкілдің жұмысы үшін 700 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Сот үкімімен, Дәкебаев ең төменгі қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары